"Астана" сапы хорват қақпашысы Йосип Чондричпен толықты.
29-жастағы Йосип мансабының көп бөлігін өз отанында өткізді. Ол "Рудеш", "Истра" және "Загреб" ұжымдарында өнер көрсеткен болатын. 2020 жылы Чондрич "Роторға" ауысып келді.
Футболшының ең соңғы рет доп тепкен клубы "Зриньский" екенін айта кетейік. Онда Йосип Босния чемпионы атанған болатын. Ол бұл ұжымда өткізген 38 ойынның 20 гол жібермеген. Еске салсақ, "Зриньский" "Тобылды" Конференция Лигасында тізе бүктірген еді.
Біздің серіктес: FONBET