Елордалық “Астана” ФК экс-ойыншысы Ласло Кляйнхайслер Венгрия ұлттық құрамасына шақырту алды.
Жартылай қорғаушы өз мансабында “Пушкаш”, “Видеотон”, “Вердер Бремен”, “Дармштадт”, “Ференцварош”, “Осиек”, Панатинаикос ұжымдарында доп тепті. 2017/18 және 2018/19 жылғы маусымдарда венгр “Астана” клубына шақырту алып, онда екі мәрте Қазақстан чемпионатын жеңді. Қазіргі сәтте 30 жастағы ойыншы “Хайдук” командасында жалға жүр. Жаз маусымына қарай Кляйнхайслер “Панатинаикос” ұжымына қайта оралады.
Қазақстандық клубта Ласло жалпы алғанда барлық турнирлерде 54 ойын өткізіп, 2 гол мен 6 голдық пас берді.
Өз елінің ұлттық құрамасына 2015 жылдан бері шақырту алып келген ойыншы мажарлар үшін 49 ойында 3 рет ерекшеленді.
Айта кетейік, Венгрия құрамасы Еуро турнирінде А-тобында Германия, Шотландия және Швейцария сыңды мықты командалармен бақ сынасады.
Біздің серіктес: FONBET