“Астана” ФК Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ірі есеппен жеңген команда Болгария чемпионы атанды

“Лудогорец” командасы Болгария чемпионатын 13 рет қатарынан жеңіп отыр. 

Команда 2011 жылы жоғарғы дивизионға жолдама алған уақыттан бері бірінішіліктің алтынын бермей келеді. 

Чемпиондық матчта Разград ұжымы ЦСКА Софияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. Болгария біріншілігі бітуіне 3-тур қалғанда “Лудогорец” аталған қарсыласынан 14 ұпайға алға шықты. Сөйтіп, кезекті чемпиондығына қол жеткізді.

Ішкі чемпионатта 15 рет қатарынан топ жаруды көздеген “Лудогорец” әлемдік рекорд орнатпақшы. Айта кету керек,  Вануату біріншілігінде 15 мәрте жеңімпаз атанған “Тафеа” ұжымының нәтижесін  ешкім қайталай алмаған. Ал болгарлық команда болса, соған жақын. 

Еске салайық, Еуропа Лигасының 2023 жылы өткен 3 іріктеу кезеңінде елордалық “Астана” дәл осы “Лудогорецпен” кім мықтыны анықтаған болатын. Қос ойын қорытындысы бойынша разградтық ұжым 6:3 есебімен басым түсіп, турнирдегі жорығын жалғастырған болатын. Жалпы аталған командаға қарсы өз алаңындағы кездесуін Бабаян шәкірттері сәтті аяқтаған болатын 2:1. Алайда Болгариядағы ойынды “Лудогорец” толықтай өз бақылауына алып, “Астананы” 5:1 есебімен ойсырата жеңген еді. 

Материалда: