31 жастағы француз жартылай қорғаушысы Фабьен Урега мансабын “Астанада” жалғастыра беретін болды, деп жазады Аладоп.кз.
Футболшының клубтағы жаңа келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін жарамды.
Урега “Астана” ұжымына 2023 жылдың ақпан айында келіп қосылған болатын. Жартылай қорғаушы осы уақытқа дейін елордалық ұжымда 39 ойын өткізіп, 1 гол мен 4 голдық пас берді.
Қаптал вингері болыпта өнер көрсете беретін Фабьен өз мансабында “Гавр”, “Париж”, “Сошо”, “Орлеан” және “Жальгирис” командаларында өнер көрсеткен.
Трансфермаркет 31 жастағы аяқдопшыны 400 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET