Жарнама
Жарнама

«Астана» футболшысы ресейлік клубқа ауысуға жақын

19.12.2020, 16:01
Маевскийдің клубпен келісімшарты аяқталды.
Жарнама
Жарнама

«Астана» клубы мен Беларуссия құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский келесі аптада РПЛ клубымен келісімшарт жасасады, деп хабарлайды журналист және инсайдер Айдын Қожахмет.

Оның айтуынша, футболшы Волгоградтың «Роторымен» жеке келісімге келген. Келесі аптада ол осы клубтың ойыншысы ретінде таныстырылады.

Еске салайық, 32 жастағы Маевский бұған дейін Ресейде ойнаған, 2015 жылдан 2017 жылға дейін «Анжи» сапында доп тепкен. «Ротор» РПЛ-де 16 команданың ішінде 13-ші орында келе жатыр. Қоржынында 19 турда жинаған 14 ұпайы бар.

Қатарынан алты жыл чемпион атанған «Астана» осы маусымды үшінші орынмен аяқтады. Маевский 15 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның қазақстандық клубпен келісімшарты аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров