"Арсенал Тула" клубының бұрынғы қорғаушысы Гиа Григалава мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін.
Sport24.ru сайты хабарлағандай, "Астана" 31 жастағы ойыншыға қызығушылық танытып отыр. Елордалық клуб испаниялық "Кадиске" кететін Вараздат Ароянның орнына осы қорғаушыны алуы мүмкін.
Грузиялық футболшы "Арсеналда" 2017 жылдың қаңтарынан бері ойнайды. Осы жазда оның клубпен келісім-шарты аяқталды. 2020/21 жылғы маусымда Григалава 21 матч өткізді. Маусым соңында ол үш ойынға шеттетілді.
31 жастағы қорғаушы "Волга", "Анжи", СКА, "Москва" және "Ростов" клубтарында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET