Жарнама
Жарнама

"Астана" - ХИК. Ойын алдында

04.08.2015, 23:18
Жарнама
Жарнама
Бүгін "Астана-Арена" стадионында "Астана" - ХИК матчы алдындағы бапкерлер баспасөз мәслиаты өтті. Чемпиондар лигасының 3-іріктеу кезеңі аясында кездесетін қос ұжым алғашқы матчта 0:0 нәтижесін тіркеген болатын.  Ертеңгі ойында "Астана" командасының бас бапкері Станимир Стойлов өз шәкірттерінің жеңіс үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын айтты. Ал аяқдопшылар да бұл матчтың маңыздылығын толықтай түсініп отыр. Егер ертеңгі ойында елордалықтар жеңіске жететін болса, онда 100 пайыз Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Елдос АХМЕТОВ, "Астана" командасының қорғаушысы: - Келесі кезеңге өту үшін барын саламыз. Бұл ойын өте маңызды екенін футболшылар жақсы түсініп отыр. Командада көңіл-күй жақсы. Егер, жанкүйерлер қолдауы жақсы болса, сенімді ақтаймыз деп ойлаймын.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров