"Астана" әлеуметтік желіде Aлматылық "Қайраттың" билет бағасына қатысты әжуамен бөлісті.
Клубтың ресми Threads парақшасында жарық көрген жазбада елордалықтар өздерінің халыққа қолжетімді билеттерін мысалға келтіріп, әзіл арқылы қарсыласының баға саясатын салыстырды.
Постта "Астана” клубы жанкүйерлерге қарапайым математикалық есеп ұсынған:
"Астана” – “Ақтөбе” матчының билеттері 500 теңгеден басталады.
Мысалы:
30 000 ÷ 500 = 60 билет
75 000 ÷ 500 = 150 билет
150 000 ÷ 500 = 300 билет
250 000 ÷ 500 = 500 билет
Нағыз халық командасы сіздерді 19 қазан күні стадионда күтеді!"
Бұл жазбада "Астана” "Қайраттың” соңғы матчтарындағы билет бағасына астарлы түрде пікір білдірген. Алматы клубының Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңдеріндегі ойындарына билеттер 250 мың теңгеге дейін көтерілгені белгілі.
"Астана” мен "Ақтөбе” арасындағы кездесу 19 қазан күні елордада өтеді. Клуб өз жазбасында жанкүйерлерді стадионға шақырып, ойынның әр көрермен үшін ашық әрі қолжетімді болатынын баса айтты.
Біздің серіктес: FONBET