Жарнама
Жарнама

«Астана» қарсыласын еш қиындықсыз өтуі керек». Отандық бапкер осындай ой айтты. Бірақ, Елордалықтар кешегі «Қайраттың» күйін кешіп жүрмей ме?

23.07.2025, 17:58

«Атырау» клубының спорт директоры Қуаныш Қабдолов «Аладоп.кз» сайтының тілшісіне Еурокубоктегі командаларымыздың өнері жайлы пікірін айтып, «Астананың» КЛ-дағы мүмкіндігін бағалады.

"Ақтөбе" - Тобыл" кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Астана» қарсыласын еш қиындықсыз өтуі керек. «Зимбру» алынбас қамал деп айтуға келмейді. Енді «Қайраттың» шабуылымен мына «КуПС-ты» да өтуі қажет деп ойлаймын. «Ақтөбе» мен «Ордабасы» да жақсы ойын өрнегін көрсетті жалпы. Шымкенттік команда грузиялық «Торпедо» Кутаисиді ұтып, келесі кезеңге шығуға әбден лайық еді. Өкінішке қарай, сәттілік жетіспеді. Жалпы, осыған дейін біздің клубтарға кішкене сол сәттілік серік болмағандай. «Ордабасы» грузиялық командадан мықты болды, бірақ бұл,  футбол. Бұл ойын сонысымен қызық – қарсыласынан жоғары тұрған команда әрқашан жеңе бермейді. Бірақ, сәттілікке де лайықты болу керек деп ойлаймын», - деді Қ. Қабдолов.  

«Қайрат» кеше ЧЛ 2-іріктеуі кезеңінің бірінші бәсекесінде сырт алаңда финляндияның «КуПС-ынан» ұтылды 0:2. Тағы екі командамыз – «Астана», «Ақтөбе» Конференциялар Лигасының 2-іріктеу раундында бақ сынайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров