Жарнама
Жарнама

«Астана» «Каспийдің» негізгі футболшымен толығуы мүмкін

06.12.2021, 23:16
Футболшы сербиялық бапкердің ойын философиясына сәйкес келеді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының және ақтаулық «Каспийдің» 32 жастағы жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Срджан Благоевич жаттықтыратын «Астанаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Дарабаев өткен маусымда ақтаулық команданың негізгі футболшысына айналды және Благоевичтің ойын философиясына сәйкес келді.

Благоевичтің жаттықтырушылар штабы елордалық клубтың ортаңғы шебін күшейту үшін Дарабаевты қатарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.

Аслан Дарабаев Қазақстан чемпионатында «Каспий» үшін 24 ойын өткізіп, 4 гол соқты, 2 рет әріптестерінің көзге түсуіне мүмкіндік жасады. Ал ел кубогінде жеті кездесу өткізіп, бір гол мен екі нәтижелі пасты өз атына жазды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров