Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Астана» «Тараздан» айласын асырды. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 23-минутында Макс Эбонг жақын бұрышты дәл көздеп есеп ашты. Екі минуттан кейін «Тараз» қорғаушысы Лука Гадрани таразы басын теңестірді. Ал 67-минутта Нұрлан Дайыров өз қақпасына гол соғып алды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 5-тур
«Астана» – «Тараз» – 2:1
«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва, Даниил Бескоровайный, Абзал Бейсебеков (к), Камо Оганесян – Денис Поляков, Аслан Дарабаев, Макс Эбонг – Жереми Манзорро (Исламбек Қуат 77), Марин Томасов, Педро Эуженио (Рай Влут 70);
«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов (к), Нұрлан Дайыров, Ермек Қуантаев (Мақсат Әмірханов 56) – Милен Гамаков, Марат Шахметов (Ерсұлтан Қалдыбеков 86) – Бауыржан Байтана (Еркебұлан Тойбеков 86), Дінмұхамед Қараман (Жақып Қожамберді 72), Жорже Элиас (Абылайхан Жұмабек 72);
Біздің серіктес: FONBET