Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында "Астана" клубы мен бас бапкер Андрей Тихоновтың арасындағы келісім-шарттың тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Астана" клубының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Команда жаттығу процесін және Қазақстан чемпионаты мен кубогіндегі ойындарға дайындықты тұрақты режимде жалғастыруда.
Сондай-ақ клуб сербиялық маман Срджан Благоевичпен келіссөздердің жүргізілгені туралы қауесеттерді де жоққа шығарды.
Біздің серіктес: FONBET