Жарнама
Жарнама

“Астана” клубы жабыла ма? Елордадағы шулы видеоға ресми жауап берілді

Бүгін, 09:57

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде елордалық "Астана" клубының футбол орталығы жабылады деген ақпарат желдей есіп, жанкүйерлер мен ата-аналардың үрейін туғызды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Шудың шығуына жас футболшылардың ата-аналары таратқан видеоүндеу себеп болған.

Ата-аналар неге дабыл қақты?

Желіде тараған видеода ата-аналар футбол орталығының жұмысы тоқтатылуы мүмкін екенін алға тартты. Олардың айтуынша, егер орталық жабылса, 500-ге жуық бала сүйікті спортымен айналысу мүмкіндігінен айырылып, далада қалуы мүмкін еді. Бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс тудырып, қызу талқыға түсті.

Клубтың ресми мәлімдемесі: "Бұл — жалған ақпарат!"

"Астана" футбол клубының басшылығы бұл жағдайға байланысты шұғыл түрде түсініктеме берді. Клуб таралған қауесеттердің шындыққа жанаспайтынын ашық мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде және кейбір ақпараттық ресурстарда "Астана” футбол орталығының жабылатыны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Клуб футбол орталығының жабылуы туралы кез келген қауесетті ресми түрде теріске шығарады.” — делінген хабарламада.

Клуб өкілдері орталықтың жұмысы штаттық режимде жалғасатынын және балалардың жаттығуына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын жеткізді. Осылайша, елордалық жас таланттардың болашағына қатысты туындаған күдік сейілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров