Жарнама
Жарнама

«Астана» клубын бразилиялық қорғаушы толықтырды

15.01.2022, 03:35
Футболшы кез-келген позицияда өнер көрсете алады.
Жарнама
Жарнама

«Астана» футбол клубы бразилиялық қорғаушы Брайан Сильвамен келісім-шартқа отырды. Келісім-шарт мерзімі 2022 жылдың соңына дейін есептелген. 

Брайан футболдағы мансабын бразилиялық «Америка Минейродан» бастаған. 2013 жылы португалиялық «Бенфикаға» ауысып, мұнда бір маусым өткізді.

2020 жылы армениялық «Алашкерт» клубымен бірге ел чемпионы атанып, кейін «Атыраудан» шақырту алды. 

Брайан Қазақстанда керемет маусым өткізді: 29 ойынға қатысып, 5 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров