Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел біріншілігінің 1-турындағы «Астана» - «Шахтер» ойынына қазақстандық футболдың түлегі болып саналмайтын жеті футболшының заңсыз қатысқаны үшін Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен кездесудің нәтижесі жойылғаны туралы хабарлады.
Нәтижесінде «Астанаға» 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды.
Естеріңізде болса, бұл ойын тең аяқталған болатын (0:0). Екінші турда «Ақсудан» жеңілген елордалық клуб турнирлік кестеде соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET