Жарнама
Жарнама

«Астана» клубының 2021 жылға арналған бюджет мөлшері белгілі болды

17.11.2021, 22:13
Елордалық клуб ҚПЛ клубтары арасында ең көп бюджетке ие болыпты.
Жарнама
Жарнама

БАҚ беттерінде «Астана» футбол клубының осы маусымға арналған бюджеті 15 миллиард теңгені құрайды деген ақпарат жарияланды. Бірақ елордалық клубтың баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Клубтың 2021 жылға арналған бюджеті 5 миллиард теңгені құрайды, бұл БАҚ жарыса жазған сомадан әлдеқайда төмен», - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, «Астана» командасы 2021 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал Қазақстан кубогінің жартылай финалындағы алғашқы матчта «Қайраттан» 0:3 есебімен ұтылды. Қос команда арасындағы жауапты матч 20 қараша күні өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров