"Жетісуға" қарсы өткен матчта гол соққан сәтінде Чинеду өзінің қуанышын әдеттегідей емес, арнайы ишарамен білдірді, ол марқұм Португал шабуылшысы Диогу Жотаға тән гол тойлау мәнерін қайталады. Бұл әрекеті арқылы ол автокөлік апатында қаза тапқан Диогу Жотаны еске алды.
Диогу Жота Португалия құрамасы мен Англияның “Ливерпуль” клубында ойнаған шабуылшы болатын. Ол жуырда Испанияда орын алған жол апатынан інісімен бірге қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға бүкіл футбол әлемін дүр сілкіндіріп, жанкүйерлер мен ойыншыларға үлкен әсер етті.
Чинеду Жотаның өліміне бей-жай қарамай, өз голын арнап, стадионда үнсіз құрмет көрсетті. Бұл қимылы жанкүйерлердің жүрегін елжіретіп, әлеуметтік желілерде оң пікірге ие болды.
Жанкүйерлер суреттер мен бейнежазбаларды бөлісіп, Джеффри Чинедуге алғыс білдіріп, оның адамгершілік қасиетін жоғары бағалады.
"Футбол тек ойын ғана емес, сонымен қатар бірлік пен бауырмалдықтың символы. Чинедудің бұл әрекеті бүкіл футбол қауымдастығына үлгі болады.” деп жазды бір жанкүйер.
Біздің серіктес: FONBET