18 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Алдаир Әділов "Энергетик-БГУ" клубымен келісімшартқа отырды.
2017 жылға дейін Әділов "Астананың" жастар құрамасында ойнады, содан кейін Испанияның "Марсет" академиясына кетті. Жартылай қорғаушы "Энергетик-БГУ" сапына шақыртылып үлгерді және 26 қыркүйекте өтетін "Ислочь" клубына қарсы матчта алғашқы кездесуін өткізуі мүмкін.
Айта кететін жайт, Беларуссия Жоғары лигасында тағы екі қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді - Владислав Васильев ("Рух") және Максим Грек ("Белшина").
Біздің серіктес: FONBET