Жарнама
Жарнама

“Астана” командасының бас бапкері Григорий Бабаян “Браннмен” өткен ойын жайында ойымен бөлісті

Кеше елордалық “Астана” Конференция Лигасының плей-офф кезеңі аясында норвегиялық “Бранн” ұжымында қонақта болды. 

Жарнама
Жарнама

Қос команда арасындағы “Берген” стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен қожайын ұжымның пайдасына аяқталған болатын.  

- Біз бұл өте қиын матч болатынын түсіндік, өйткені «Бранн» өте жылдам комбинацияда ойнайды, сонымен қатар ауа-райы да әсер етті. Алаңға бейімделу үшін шамамен 30 минут қажет болды, өйткені күні бойы жаңбыр жауып, алаң өте ылғал, ал доптың ұшуы жылдам болды. Жалпы, бізде бірнеше рет қарымта шабуылға шығу мүмкіндігі болды, бірақ «Бранн» алаңда әлдеқайда жақсырақ болды. Бүгін жанкүйерлер керемет атмосфера жасады, мұндай трибунада ойнаудың өзі ғанибет. Екінші таймда біз тактикалық тұрғыдан ойынды езгертуге тырыстық, алғашқы 10 минутында доп бізде болды, ойынды да өз бақылауымызға алдық. Бірақ артынша алаң иелері басымдық танытып, біз қайтадан төмен қорғанысқа өттік. Жалпы алтанда, заңды нәтиже,«Бранн» жақсырақ және жылдамырақ болды. Енді осы ойынды талдап, қарымта кездесуге жақсы дайындалуымыз керек.

“Астананың” “Браннға” қарсы қарымта кездесу 29 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: