Алекса Аманович пен Ян Вороговский алдағы матчта өз командасына көмектесе алмайды.
Қаптал қорғаушы Ян Елімайға қарсы төреші тараптан қос сары қағаз алып, артынша алаңнан қуылды. Ал Алекса болса, тек бір сары қағазбен шектелді. Алайда бұған дейін “Ұлытаумен”, “Қызылжармен” және “Оқжетпеспен” болған кездесулерде ескерту алған ойыншы сары қағаздар санын 4-ке жеткізіп, автоматты түрде келер матчтан шеттетілді.
Осы маусымда македониялық Астана сапында 21 ойын өткізді. Ал Вороговский елордалықтар жейдесінде 15 кездесуде алаңға шықты.
Айта кетейік, “Тобыл” мен “Астана” арасындағы текетірес 19 қыркүйек күні Қостанай жерінде сағат 18:00-де басталады. Осы ойыннан кейін чемпиондықтың мәселесі шешіле бастайды.
Біздің серіктес: FONBET