“Астана” Конференция Лигасының келесі кезеңіне өтті

Елордалық “Астана” еурокубок аясында молдовалық “Милсамиге” қарсы қарымта ойын өткізіп, 1:0 есебімен жеңді (1:1 алғашқы матч).

Конференция Лигасы

“Астана” 1:0 “Милсами”

Гол: Марин Томасов 49’

Қызыл қағаз: Име Ндон 55’

Бұған дейін молдовалық команда қос ойын қорытындысы бойынша беларусиялық “Торпедо-БелАЗ” 4:2 есебімен тізе бүктірді. 

Еске салсақ, Бабаян шәкірттері ҚПЛ өткен маусымында 53 ұпай жинап, турнирлік кестені 2 орынмен аяқтаған еді. Соның нәтижесінде “Астана” Конференция Лигасы турниріне қатысуға мүмкіндік алды.

Материалда: