«Астана» футбол клубы Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінің үшінші турын өткізу үшін Кипрге аттанды.
Айта кетейік, «Пафос» - «Астана» кездесуі қарашаның жетісіне жоспарланған. Матч біздің уақытпен 22:45-те басталады. Елордалықтардың негізгі құрамы Алматыда қалып, сырт алаңдағы ойынға негізінен қосалқы құрамның футболшылары аттанды. Григорий Бабаян негізгі құрам ойыншыларын ҚПЛ-дің қортынды турындағы «Жетісуға» қарсы матчқа дайындап отырған көрінеді. Бұл бәсеке 10-қарашаға жоспарланған.
Айта кетейік, елордалық команда Конференциялар Лигасының негізгі кезеңіндегі екінші туры аясында сырт алаңда уэльстің «Нью-Сейнтсымен» шеберлік байқасып, ұтылған еді (2:0). Ол ойынға «Астана» қосалқы құрамының футболшыларын шығарған болатын.
Біздің серіктес: FONBET