«Астана» легионеріне қатысты шешім қабылдады

19.01.2023, 17:02


Килан Лебон тараптардың шешімімен командадан кетті.

Лебон елордалық клубқа 2022 жылдың қыркүйек айында қосылған болатын. Ол "Астананың" ел чемпионы атануына үлес қосты. Футболшы бұл ұжымда жалпы алғанда 13 ойын өткізіп, 2 гол мен 1 голдық пас берді.

Еске салайық, "Астана" өткен маусымда ҚПЛ 7 рет чемпион атанды. Олар "Ақтөбеден" 1 ұпайға оза шапты.