Жарнама
Жарнама

“Астана” Әлем чемпионатынан оралған Иван Башичті сатуға дайын

Бүгін, 15:55

Босния және Герцеговина құрамасының сапында 2026 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Иван Башич елордалық "Астанадан" кетуі мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, клуб басшылығы футболшыға қатысты түскен трансферлік ұсыныстарды қарастыруға дайын.

Иван Башич АҚШ-та өткен Әлем чемпионатында Қазақстан Премьер лигасының атынан бақ сынаған жалғыз ойыншы ретінде тарихқа енді. Оның әлемдік додадағы өнері шетелдік скауттар мен клубтардың назарын аударған сыңайлы.

Әлем чемпионаты аяқталып, Босния құрамасы турнирмен қоштасқаннан кейін, футболшының трансферлік құны мен оған деген қызығушылық айтарлықтай артқан көрінеді. Мәлімет бойынша, "Астанаға” бірнеше шетелдік ұжымнан ресми сұраныстар түсе бастаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров