Жарнама
Жарнама

«Астана» либериялық шабуылшыны қатарға қосты

05.03.2022, 20:00
Футболшы елордалық командада 21-ші нөмірмен өнер көрсетпек.
Жарнама
Жарнама

«Хатайспор» клубының 24 жастағы либериялық шабуылшысы Мохаммед Камара «Астанаға» ауысты.

«Астана» ойыншыны сатып алу құқығымен маусым соңына дейін жалға алды. Футболшы елордалық командада 21-ші нөмірмен өнер көрсетпек.

Мохаммед Камара өзінің мансабын Америкадағы Тайлер Юниор колледжінің командасында бастады. Кейінірек Лос-Анджелеске көшіп, Калифорния университетінің атынан өнер көрсетті.

2019 жылдың қаңтарында ол германиялық «Падерборн» клубына ауысты. Германияның бесінші дивизионында 7 кездесу өткізіп, 8 гол соқты. Алты айдан кейін ол Америка Құрама Штаттарына оралып, «Лос-Анджелес Гэлаксидің» екінші командасына қосылды. 2020 жылдың күзінде ол Бірінші лигадағы «Менеменспор» клубымен келісім-шартқа отырып, Түркияға қоныс аударды. Бірақ үш айдан кейін «Хатайспор» ойыншысы атанды.

Түркия Суперлигасының ағымдағы маусымында Камара 25 матч өткізіп, 4 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Transfermarkt мәліметі бойынша, ойыншының трансферлік құны 2,4 миллион еуроны құрайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров