Жарнама
Жарнама

«Астана» - «Лозанна»: Матч қарсаңында! Кім не айтты?

14.08.2025, 14:48

Бүгін «Астана» Конференциялар лигасының плей-оф кезеңіне шығуға тырысады.

"Астана" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Ол үшін Григорий Бабаянның командасы Швейцариядағы жеңілісті жуып-шайып, керемет камбэк жасауы тиіс. Командалардың бірінші ойыны «Лозаннаның» сенімді жеңісімен аяқталған 3:1.

Григорий Бабаян, «Астана» ФК бас бапкері:

«Бірінші ойында бізде көптеген жеке және қажетсіз қателіктер болды. Бұл матчқа біз енді қуып жетуші рөлінде келіп отырмыз. Футболда екі гол елеулі басымдық. Бірақ, екінші жағынан, біз бүкіл апта бойы жұмыс істедік, талдадық, қарап шықтық, жігіттерге көрсетіп, қателіктер мен қарсыластың әлсіз тұстарын көрсеттік. Бірінші матчта істей алмағанымызды, ертең алғашқы минуттардан бастап жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Мұнда жанкүйерлердің де рөлі зор болмақ. Олар алғашқы минуттан қолдау білдіріп, бізді алға жетелейді. Жанкүйерлер алдындағы міндетімізді орындауға тиіспіз. Алдағы матчта барлығы жақсы болады деп үміттенеміз».

Асқар Қожабергенов, бапкер

«Матч соңындағы гол бізге кәдімгідей сенім береді. Өйткені, 3 голдың қарымтасын қайтару қиындау болар еді. Былтыр «Астана» «Лозаннадан» да мықты норвегияның «Бранн» командасынан 2 гол есесін қайтара алған еді ғой. Сондықтан, бұл жұпта әлі ештеңе де шешілген жоқ. «Астана» өз алаңында, жасанды төсеніште әрі жанкүйерлерінің алдында тиімді нәтижеге жете алады. Біз соған сенеміз».

Павел Евтеев, ардагер футболшы

"Бізді өте қызықты матч күтіп тұр деп сенемін. Футболда бәрі мүмкін! "Астана" Еурокубоктарда тәжірибесі мол, сапалы ойыншылары бар команда. Бүгін елордалық клубтан тамаша нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге өтуін көруіміз әбден мүмкін. "Астанаға” сәттілік тілеймін!”

Петер Зайдлер, «Лозанна» ФК бас бапкері:

"Фабио Капеллоның бір сөзін білемін: екі голдық артықшылық – ұстап қалуға ең қиын есеп. Ертең батылдық танытып, өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Шабуылдап, алға ұмтылып, гол соғу. "Астанаға” құрметпен қараймыз, олардың қалай ойнайтынын және қаншалықты мықты екенін білеміз. Кез келген жағдайға дайынбыз. Барлық матчтар қиын және әртүрлі өтеді. Біз тартысты ойын күтеміз. Қосымша уақыт немесе пенальти сериясы болса да, біз үшін мәселе емес. Біздің мақсатымыз бұл ойында да жеңіске жету».

Оливье Кустодио, «Лозанна» ФК жартылай қорғаушысы:

"Не болса да, біз байсалдылық танытып, сабыр сақтай білуіміз керек. Гол жіберіп алсақ та, өзіміз соқсақ та өз ойынымызды жалғастыруымыз қажет. Скопьедегі алғашқы Еурокубок кездесуімізге қарағанда, қазір біз ырғаққа кіріп, не күту керегін білеміз».

«Астана» - «Лозанна» ойыны бүгін 19:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров