Жарнама
Жарнама

"Астана" мен "Тобыл" Раджив ван Ла Парраның сатып алғысы келеді

11.02.2020, 02:44
Жарнама
Жарнама

Раджив ван Ла Парра Голландия құрамасы мен "Ливерпуль" жартылай қорғаушысы Джорджиньо Вейналдумның інісі.

Сербияның "Црвена Звезда" командасының жартылай қорғаушысын "Астана" мен "Тобыл" сатып алудан дәмелі. Бұл туралы Informer.rs сайты хабарлап отыр.

Аталған материалда Белград ұжымының жаңа бас бапкері Деян Станкович Радживке аса қатты сенім арта қоймайтын көрінеді. Сонымен қоса, басшылық ойыншыны сату арқылы клуб бюджетін азайтуды көздеп отыр.

-"Црвена Звезда" бұл футболшыны сатуды көздеп отыр. Ең болмаса жалға бермек. Әзірше ең тиімді ұсыныс "Астана" клубынан түсіпті. Қазақстан клубы ол үшін 420 мың еуро төлеуге дайын. Сондай-ақ, екінші бір Қазақстан клубы "Тобыл" 300 мың еуро ұсынып отыр. Радживтің "Црвена Звезда" сапындағы жалақысы 600 мың еуроны құрайды",-делінген материалда.

28 жастағы голландиялық футболшы бұған дейін Англияның "Хаддерсфилд", "Мидлсбро", "Брайтон", "Вуэлверхэмптон", Голландияның "Херенвен", Францияның "Кан" ұжымдарында доп тепкен. Голландия 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамасында да ойнаған.

Ал өткен маусымда ол Сербия біріншілігінде 4, Чемпиондар лигасында 5 ойынға қатысыпты.  

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров