Жарнама
Жарнама

«Астана» мен «Тобыл» үздік қорғаушыға таласуда

09.12.2024, 14:29

Қазақстан құрамасы мен «Қызыл-Жардың» қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев жақын арада клуб ауыстыруы мүмкін.

Ұлар Жақсыбаев
Жарнама
Жарнама

Нақтырақ айтсақ, футболшыға «Тобыл» мен «Астана» қызығушылық танытуда. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеді.

Ұлар Жақсыбаев биылғы маусымды табысты өткізді. Петропавлдық қорғаушы сәтті ойынының арқасында алғаш рет ұлттық құрама жейдесін киген болатын. Жақсыбаев өткен маусымда «Қызыл-Жар» сапында 20 ойынға қатысқан. Биыл қазанда Ұлттар Лигасының аясында Аустрияға қарсы кездесуде дебюттік матчын өткізген 30-жасар қорғаушы «Қызыл-Жарға» дейін «Ақсу», «Ордабасы», «Қайсар» мен «Қыранның» намысын қорғаған болатын.              

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров