Жарнама
Жарнама

«Астана» ойыншы сатып ала ма?

17.07.2020, 15:07
Малыйдың орнын жоқтатпайтын бір қорғаушы алу керек еді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстанның қазіргі чемпионы «Астана» жазғы трансфер терезесінде ойыншы сатып алмауы мүмкін.

"Астананың бас демеушісі "Самұрық-Қазына" клуб басшыларына трансферге қаражат жоқ, бюджетті үнемдеу керек деп айтқан сыңайлы. Егер "Астана" еркін агентті алғысы келсе, алдымен командадан бір ойыншыны жіберуі керек. Бұл жағдайда Сергей Малый мен Фирмин Мубеленің клубтан кетуі есептелмейді, олардың келісімдері аяқталды, ал жалақылары тек шілде айына дейін бюджетке енгізілген екен.

Бұған дейін «Астана» бас бапкері Михал Билек клубқа екі-үш ойыншы керек деп айтқан болатын. Чехиялық маман сонымен қатар команда биылғы жылы Қазақстан чемпионы атағын қорғауды және еурокубоктың топтық кезеңінде ойнауды жоспарлап отырғанын, сондықтан команданы нығайту қажет екенін атап өтті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров