"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры қарсаңында "Ақтөбені" қабылдады. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Ойынның небәрі 4-минутында Марин Томасовтың айып добынан асырған пасын Фатос Бечирай өз пайдасына жаратты. 13-минутта Максим Федин пенальтиден гол соға алмады. Ал екі минуттан кейін Марин Томасов "Астананың" екінші голын соқты. 19-минутта Дмитрий Коркишко "Астана" қақпашысын сан соқтырды. Осылайша, бұл кездесуде Бечирай мен Коркишко дебюттік голдарын соқты.
"Астана" бұл жеңістен кейін 47-ұпаймен көш басына шықты. Владимир Мұханов шәкірттері 24 ұпаймен оныншы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET