Жарнама
Жарнама

«Астана» өз алаңында «Қайсардан» басым түсті

18.10.2021, 00:55
Елордалық клуб қайтадан бірінші орынға көтерілді.
Жарнама
Жарнама

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында "Қайсармен" кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 2:0 есебімен елордалық клуб жеңіске жетті.

Ойынның 40-минутында "Қайсар" қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген Марин Томасов қақпашы Артем Леоновтан айласын асыра алмады. 74-минутта Кадетенің сол қапталдан асырған пасын Барсегян баспен қақпаға бағыттады, Леоновтан кері серпілген допты Тигран голға айналырды. 89-минутта Марин Томасов екінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.

Елордалық клуб бұл жеңістен кейін 56 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. "Қайсар" 16 ұпаймен он үшінші орында қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров