Жарнама
Жарнама

“Астана” өз капитанымен келісімшартты ұзартпақ

01.11.2025, 13:35

"Астананың" капитаны Марин Томасов келесі маусымда да елордалық клубтың намысын қорғамақ.

Жарнама
Жарнама

Match.kz телеграм арнасының мәліметінше клуб басшылығы 38 жастағы Хорват жартылай қорғаушымен келісімшартты тағы бір жылға ұзарту мәселесін қарастырып жатыр.

Өткен маусымда ол 29 матч өткізіп, 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Марин Томасов 2018 жылы "Астанаға” қосылғаннан бері елордалық команда сапында 179 матч өткізіп, 86 гол соққан. Бұл клубтың рекордтық көрсеткіші. 

Мансабын Хорватияның "Задар” командасында бастаған Марин "Хайдук”, Германияның "Мюнхен 1860” және Сауд Арабиясының "Аль-Наср” командаларында доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров