Жарнама
Жарнама

«Астана» Өзбекстан құрамасының шабуылшысымен келіссөздер жүргізуде

11.02.2021, 16:59
Шабуылшы Өзбекстан құрамасына үнемі шақырту алады.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, өзбекстандық "Пахтакордың" үздік сұрмергені Игорь Сергеев "Астанаға" ауысуы мүмкін.

27 жастағы шабуылшының өкілдері қазірдің өзінде елордалық клубтың басшылығымен байланысқа шықты. Сергеевті "Астана" "Людогорецке" кеткен кипрлік шабуылшы Пиерос Сотириудың орнын баса алады деп санайды. Шабуылшы Өзбекстан Суперлигасында 92 ойынға қатысып, 58 гол соққан, 10 нәтижелі пасы тағы бар.

"Пахтакор" клубымен жыл соңына дейін жасалған келісімшартқа қарамастан, "Астана" Сергеевті тегін қатарға қоса алады. Келіссөздер сәтті өтуде. Ойыншының өзі еурокубокте өнер көрсету үшін елордалық клубқа ауысқысы келеді.

Сергеев "Пахтакордан" басқа қытайлық "Бейцзинь Гоань" мен БАӘ-нің "Аль-Зафра" клубтарында да ойнады. Немістің Transfermarkt.de порталы Өзбекстан құрамасының шабуылшысын 1,50 миллион еуроға бағалап отыр. 2013 жылдан бері Өзбекстан құрамасына шақыртылып келеді. Өз қүрамасы үшін 53 матч өткізіп, 17 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров