“Астана” өзіне жаңа шабуылшы тапты

05.12.2023, 15:21

 Өзбекстандық “Сурхана” командасының шабуылшысы Сильванус Нимели елордалық “Астана” сапын толықтыруы мүмкін.

 25-жастағы футболшы өткен маусымда өткізген 30 ойында, 13 гол мен 7 голдық пас берген болатын. Осылайша, Нимели Өзбекстан біріншілігінің сұрмергендер тізімінде екінші орынға лайық деп танылды. 

 Сильванусқа “Астанадан” бөлек өзбекстандық “Нефтчи” ұжымы талас құратын болды. 

 Трансфермаркет аяқдопшыны 800 мың еуроға бағалап отыр.