Елордалық «Астана» Конференция лигасының іріктеу кезеңінде «Ракувқа» қарсы өтетін сырт алаңда матчқа бару үшін чартерлік ұшақ таба алмады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Ертең таңертең команда ойынға кәдімгі ұшақпен барады. Бұл ретте ұшақта бос орындардың шектеулі екенін айта кетейік, сондықтан Срджан Благоевич сырт алаңдағы ойында жас ойыншыларға сенім арта алмайды.
«Астана» құрамындағы еуропалық ойыншыларының Беларусь еліне кіруге визасы болмағандықтан чартерлік рейспен Брест қаласына ұшып бару мүмкін еместей көрінді.
Осылайша, «Астана» Ченстоховаға «Ракувпен» болатын ойынға төрт сағат қалғанда жетеді. Матч 21 шілдеден 22 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET