Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші турында "Астананы" қабылдады. Матч Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 2:5 есебімен аяқталды.
Ойынның 31-минутында Марин Томасов екі ойыншыны алдап өтіп, матчтағы алғашқы голды соқты. Бес минуттан кейін Вараздат Ароян есепті еселеді. Ал 43-минутта Егор Потапов есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен, бірінші тайм аяқталар тұста Макс Эбонг, ал екінші тайм басталған сәтте Роман Мұртазаев гол соғып, матчтың нүктесін қойғандай болды. 87-минутта Стефан Денкович пенальтиді сәтті орындап, командасының екінші голын соқты.
Андрей Тихонов шәкірттері бұл жеңістен кейін 32 ұпаймен көш басында қала берді. Қызылордалық клуб 7 ұпаймен он үшінші орында тұр
Біздің серіктес: FONBET