Елордалық "Астана" Премьер-лиганың 20-турында Қызылордалық "Қайсарды" еш қиындықсыз жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен матч 3:1 есебімен аяқталды.
Марин Томасов кездесудегі алғашқы голдың авторы атанды. Бірақ араға бес минут салып Максим Федин есепті теңетірді. 61-минутта Пиерос Сотириу баспен гол соғып, командасын алға шығарды. Ал 73-минутта дәл осы Сотириу пенальтиден гол соғып, ойынның нүктесін қойды.
"Астана" бұл ойыннан кейін 30 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды. "Қайсар" 24 ұпаймен алтыншы орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET