Жарнама
Жарнама

"Астана" қарсыласының қатары әлем чемпионымен толықты

02.09.2015, 14:30
Жарнама
Жарнама
Дортмундық "Боруссияның" 27 жасар футболшысы Кевин Гросскройц "Галатасараймен" 3 жылға келісім-шартқа отырды.  Өткен жылы Германия ұлттық құрамасымен әлем біріншілігінде топ жарған футболшы "аралар" сапында 2009-шы жылдан бері өнер көрсеткен еді. Юрген Клопптың баптауымен екі мәрте Бундеслиганың жеңімпазы атанса, 2012/2013 маусымда Чемпиондар Лигасының финалында ойнаған еді. Кеше ғана түркиялық клубпен келісім-шартқа отырғн футболшы үшін "Боруссия Д" 1,5 миллион еуро алмақ. Еске сала кетсек, "Галатасарай" Астананың Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі қарсыласы. Екі команданың арасындағы алғашқы кездесу қыркүйектің 30-ы күні "Астана-Арена" стадионында өтеді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров