Жарнама
Жарнама

«Астана» қатарынан екінші матчта жеңіліске ұшырады

28.06.2021, 01:52
Тихонов шәкірттері «Қызыл-Жар» клубынан жеңіліп қалды.
Жарнама
Жарнама

"Қызыл-Жар" Қазақстан Премьер-лигасының он сегізінші туры қарсаңында "Астананы" қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның небәрі 3-минутында "Қызыл-Жар" есеп ашты. Гол авторы - Максим Драченко. 9-минутта Юрий Бушман алыстан тамаша соққы бағыттап, командасының екінші голын соқты. Ал 51-минутта Исламбек Қуат есеп айырмасын қысқартқан еді, 68-минутта Дарко Зорич мергендігімен көзге түсті. Ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Абат Айымбетов қақпашы мен қорғаушылардың қателігін пайдаланып, гол соқты.

"Астана" бұл ойыннан кейін 38 ұпаймен екінші орында қала берді. 25 ұпайы бар петропавлдық клуб бесінші орынға көтерілді

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров