Жарнама
Жарнама

«Астана» Қазақстан құрамасының ойыншысына көз тікті

28.09.2022, 02:39
Елордалық клуб футболшыға осы маусымның басында да қызығушылық танытқан еді.
Жарнама
Жарнама

«Астана» қысқы трансферлік терезеде осы маусымдағы үздік ойыншылардың бірі Эльхан Астановты қатарына қосуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Елордалық клуб «Ордабасының» жартылай қорғаушысына 2022 жылғы маусым басталмай тұрып-ақ қызығушылық танытқан еді. Бірақ ол кезде футболшы Шымкентте қалу туралы шешім қабылдады. Осы уақыт ішінде Астанов өзін жақсы қырынан көрсетіп, Қазақстан құрамасының негізгі ойыншысына айналды.

«Астананың» жаттықтырушылар штабы Эльханға үлкен сенім артып отыр. Сонымен қатар Астанов Бақтиер Зайнутдиновтың жолын қайталап, болашақта Еуропаға кетеді деп есептейді.

«Ордабасы» үшін Астанов осы маусымда 20 матч өткізіп, жеті гол соқты, алты нәтижелі пас берді. Transfermarkt мәліметінше, ойыншының нарықтағы құны 500 мың еуроны құрайды. Жартылай қорғаушының шымкенттік клубпен ұзақ мерзімді келісім-шарты бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров