Жарнама
Жарнама

«Астана» қазақстандық қақпашымен толықты

21.02.2021, 22:29
Заруцкий өткен маусымда «Қайсардың» негізгі қақпашысы болды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий "Астанамен" еңбек келісім-шартын түзді, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

27 жастағы қақпашы кәсіби футболдағы мансабын қарағандылық "Шахтерда" бастап, содан кейін петропавлдық "Қызылжар СК", "Атырау", "Ертіс" және "Қайсар" командаларында ойнаған. Өткен маусымда қызылордалық клуб сапында 17 ойынға қатысып, 20 гол жіберіп алды.

Айта кетейік, Заруцкий маусымаралық үзіліс кезінде ресейлік "Арсенал Тула" клубының оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын. Бірақ команда қақпашыға тек алдағы жазда ғана келісім-шарт ұсына алатындығын айтты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров