Жарнама
Жарнама

"Астана" қонақта жеңілді

15.07.2015, 15:34
Жарнама
Жарнама
Ел чемпионы - "Астана" Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш жорығын сәтсіз бастады Уефа Чемпиондар Лигасының 2-ші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында словениялық "Марибор" командасымен, елордалық "Астана" кездесу өткізіп, 1-0 есебімен Словения чемпионы жеңіске жетті. Кездесудің бесінші минутында, Шулер бұрыштама добынан кейін ойындағы есепті ашып, "Марибор" командасын алға шығарды. Бірінші ойын бөлігінде астаналықтар допқа көп иелік етіп, бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер жасады бірақ пайдалана алмады. Екінші ойын бөлігінде командалар қорғанысқа көп көңіл бөліп, қарсылас қақпаларының алдында аса көп қауіпті сәттер орын алмады. Тек "Астана" командасының ойыншысы - Джолшиев пен "Марибор" командасының капитаны - Таваресте гол соғатын мүмкіндіктер болды, бірақ екеуіде өкінішке орай пайдалана алмады. Алғашқы минуттарда соғылған Шулердің жылдам голы словениялықтарға жеңіс әкелді. Енді жауапты ойын бір аптадан соң, Астана қаласында өтеді. "Марибор" 1-0 "Астана" 5' Шулер
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров