Елордалық "Астана" Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында "Қызыл-Жарды" минималды есеппен жеңді. Матч Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 1:0 есебімее аяқталды.
Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды әріптесінің бұрыштамадан асырған пасын сәтті пайдаланған Иван Маевский соқты.
"Астана" 36 ұпаймен Премьер-лиганың қола жүлдегері атанды. Ал Петропавлдық ұжым 23 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET