Жарнама
Жарнама

«Астана» «Ракувпен» болатын матч алдында қиындыққа тап болды

20.07.2022, 18:28
Елордалық команда Польшаға бүгін таңертең кетуі керек еді.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» баспасөз қызметі УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ракувпен» болатын матч алдында туындаған қиындықтарға қатысты мәлімдеме жасады.

«Клуб техникалық себептерге байланысты таңертең Польшаға жоспарланған чартерлік рейстің ұшпағанын хабарлайды. Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты рейс кешке шегерілді.

Клуб жағдайды ерекше режимде бақылап отыр және мүмкіндігінше тезірек УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін сырт алаңдағы ойынға ұшып кетуді жоспарлап отыр», - деп жазады «Астананың» баспасөз қызметі.

Meta-ratings.kz порталының хабарлауынша, «Астананың» чартерлік рейсі Беларусьтің Брест қаласына ұшады. Ол жерден елордалық команда автобуспен Польшаның Ченстохова қаласына жол тартады. Қос қаланың арасындағы қашықтық шамамен 400 шақырымды құрайды.

Еске салайық, «Ракув» - «Астана» кездесуі шілденің 21-нен 22-сіне қараған түні Польшаның Ченстохова қаласында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров