Жарнама
Жарнама

«Астана» ресейлік клубтан басым түсті

14.02.2021, 03:37
Марин Томасов 10-шы нөмірді иеленді.
Жарнама
Жарнама

"Астана" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық кездесуін өткізді. Бүгін, 13 ақпанда команда ФНЛ-де бақ сынайтын "Чайка" клубымен кездесті.

Қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Елордалық клуб сапында қаралымнан өтіп жатқан босниялық шабуылшы Семир Смаилагич алғашқы голды соқты. Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян екінші таймда гол соғып, көзге түсті. Ресейлік клуб матч соңында бір гол соғып кетті.

Еске салайық, "Астана" алғашқы жолдастық кездесуде "Химки" клубына есе жіберген болатын (1:4).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров