Ел чемпионы елордалық «Астана» румын ұжымын жерге қаратты, ал «Атырау» украиналық клубты тізерлертті.
Румыниялық «Пандурийге» қарсы матчта «Астана» алаңға жаңадан келіп қосылған үш ойыншысын жіберді: Каспер Ларсен, Неманья Максимович және Алексей Щеткин. Білікті ойыншылардан жасақталған елордалықтар қарсыластарына жауапсыз екі гол тоғытты. 8-ші минутта команданы алаңға алып шыққан капитан Фокси Кетевоама есеп ашқан. Үзілістен кейін Патрик Твумасидің пасын Бауыржан Жолшиев голға айналдырды.
Ьх
Полтавалық «Ворскламен» кім мықтыны анықтаған «мұнайшылар» кездесудің жеңімпазы болып шықты. Есеп – 1:0. Жалғыз голдың авторы – Антон Григорьев.