Жарнама
Жарнама

«Астана» сапына екі футболшы қосылды

13.02.2021, 17:03
Бірі Армения құрамасының негізгі ойыншысы, ал екіншісі Қазақстан құрамасының ойыншысы.
Жарнама
Жарнама

Армения құрамасының 28 жастағы қорғаушысы Вараздат Ароян мен 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Роман Муртазаев "Астананың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Муртазаев "Астана" сапында 2017-2020 жылдар аралығында ойнаған. Үш маусымда ол елордалық клубпен бірге үш рет Қазақстан чемпионы атанды, елдің Суперкубогін жеңіп алды, сонымен қатар Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнады. Өткен жылы Муртазаев "Тобылға" ауысты. Қостанайлық клуб үшін 17 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Вараздат Ароян бұрын армениялық "Патани" және "Пюник", ирандық "Париде", сондай-ақ ресейлік "Урал" және "Тамбов" клубтарында ойнаған. Ароян - Армения құрамасының негізгі қорғаушысы (55 матч, 2 гол).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров