Елордалық "Астана" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының екінші турында "Каспийді" қабылдады. "Астана Аренада" өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Ойынның 17-минутында Макс Эбонг есеп ашты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Марин Томасов пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.
Осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген Тихонов шәкірттері турнирлік кестеде 4 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 1 ғана ұпайы бар ақтаулық клуб жетінші орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET