Жарнама
Жарнама

«Астана» сербиялық бапкерге ұсыныс жасады

10.11.2021, 22:36
«Каспийдің» бас бапкері асықпай, жағдайды бақылағысы келеді.
Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевичке «Астана» клубынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм арнасы. 

«Қазір елордалық клубта «Каспийдің» бұрынғы бас директоры Санжар Сейітқазиновтың жұмыс істейтінін ескерсек, бұл таңқаларлық жағдай емес.

Дегенмен, сербиялық маман Қазақстанның алты дүркін чемпиондары сапындағы жағдайдың қалай өрбігенін сырттан бақылап отыруды жөн көріп, бұл ұсынысқа келісімін беруге асықпайды. Благоевичті түсінуге болады болады: қазіргі жағдайда «Каспийден» «Астанаға» ауысу жоғарыға қарай жылжу дегенді білдірмейді, сондықтан Срджанның елордалық клубты тізгіндеуі екіталай», - делінген хабарламада. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров