Жарнама
Жарнама

«Астана» шабуылшысы Ұлттар лигасының үздік ассистенті атанды

21.11.2020, 03:05
Футболшы «Астана» сапында керемет ойынымен көзге түскен жоқ.
Жарнама
Жарнама

«Астана» мен Армения құрамасының футболшысы Тигран Барсегян Ұлттар лигасындағы топтық кезеңнің үздік ассистенті атанды, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

27 жастағы жартылай қорғаушы төрт нәтижелі пас берді. Оның артында тұрған Лоренцо Инсинье (Италия, «Наполи»), Стеван Йоветич (Черногория, «Монако»), Винсент Тилл (Люксембург, «Орлеан») - үш голдық пас берсе, Кевин Де Брюйне (Бельгия, «Манчестер Сити») - екі рет командаластарының көзге түсуіне мүмкіндік жасады.

Айта кету керек, Армения алты турда 11 ұпай жинап, С дивизионының 2 тобында бірінші орынға ие болды, бұл оған В дивизионына өтуге мүмкіндік берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров